jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Екі полицей қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты: оқиғаның мән-жайы айтылды

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жетісу облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полиция қызметкері көз жұмды. Өңірдің полиция департаменті жол апатының мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Жетісу облысында жол апаты салдарынан полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбеков қазақ тапқаны белгілі болған. Жетісу облыстық полиция департаментіндегілер қайғылы жайттың мән-жайын айтты.

    "Талдықорған-Текелі автожолында болған Nissan Maxima автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жол апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен көлік құралының жолаушысы - қызметтік міндеттерін орындау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қайтыс болды", - деп түсіндірді полициядағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.