jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    23 адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

    Жол апатының кадрлары
    Жол апатының кадрлары. Скриншот: t.me/qumash_kz/12536

    Желіде Бурундайская көшесінде болған жаппай жол апатының видеолары тарады. Жол апаты салдарынан ардап шеккендер саны 20-дан асқан. Алматы полиция департаменті жол апаты дерегін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиғаның видеосын Qumash Telegram-арнасы жариялаған. Автобус пен жүк көтергіш көлігі соқтығысқан деген ақпарат бар. Куәгерлер зардап шеккендер бар екенін мәлім етті.

    NUR.KZ тілшісіне Алматы полицияның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, жол апаты бүгін, сағат 18:10-да Алатау ауданында болған.

    "Водитель автомашины марки МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Бурундайская көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Mersedes, KIA көліктеріне соқтығысқан. Ары қарай қарсы бағытқа шығып кетіп, автобус және Subaru көлігіне соғылған. Салдарынан 23 адам зардап шекті. Оның ішінде автобус жолаушылары мен KIA Sportage көлігінде отырған жолаушылар бар. Тергеу басталды", - делінген полиция хабарламасында.

    23 адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.