jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты

    жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

    Шымкент станциясында көлік жүргізушісі маневрлік тепловозбен соқтығысып, жол апатына себепші болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан теміржолы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Компания мәліметінше, оқыс жағдай 2025 жылғы 21 шілдеде сағат 07:30-да Шымкент станциясының "Санжар" ЖШС жеке кіреберіс жолында болған.

    "BMW маркалы автомобиль жүргізушісі маневрлік тепловоздың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасына себепші болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді", - делінген хабарламада.

    ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінде және темір жолдардың жанында жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

    Шымкентте жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.