jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент маңында болған жол-көлік оқиғасына байланысты үш жолаушылар пойызы тоқтатылды

    Жолаушылар пойызы
    Фото: instagram.com/railways.kz

    Шымкент маңында автокөлік тепловозбен соқтығысып, салдарынан пойыздардың жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жол-көлік оқиғасы Қызылсай-Шымкент өткелінде болған. Ол пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен.

    "8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жылжымалы құрам алдында өткелге шығып, жол ережесін бұзған.

    Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар жол-көлік оқиғасы қозғалыс кестесіне әсер етті: үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. 07:18-де учаскедегі  қозғалыс толықтай қалпына келтірілді.

    "ҚТЖ" ұлттық компаниясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады. Ережелерді бұзу тек материалдық зиян келтіріп қана қоймай, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

    Шымкент маңында болған жол-көлік оқиғасына байланысты үш жолаушылар пойызы тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.