jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағанды облысында автокөлік аударылды: үш адам қаза тапты

    Қарағанды облысындағы жол апаты
    Қарағанды облысында болған жол апаты. Фото: t.me/qazavtojol

    Қарағанды облысында автокөлік аударылды. Салдарынан үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

    Компанияның Telegram желісіндегі ресми арнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 тамызда сағат 00:10 шамасында "Астана – Қарағанды – Алматы" автомобиль жолының 1396-шақырымында (Батпақты ауылы, Осакаров ауданы, ІА санаты) болды.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған", - делінген хабарламада.

    Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды.

    ҚазАвтоЖол өкілдері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеді.

    Қарағанды облысында автокөлік аударылды: үш адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.