jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Бір адам қаза тапты, бесеуі ауруханада: Қазақстанның солтүстігінде жол апаты болды

    көлік жүргізушісі
    Көлік жүргізушісі. Иллюстрациялық фото: BitsAndSplits / Getty Images

    Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Ауруханаға жеткізілгендердің арасында үшеуі кәмелетке толмаған балалар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 16 тамыз күні "Астана – Петропавл" автожолының 284-шақырымында болған. Жолда келе жатқан Mercedes-Benz пен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

    "Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz көлігіндегі тағы төрт жолаушы мен Toyota Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар", – делінген ведомство хабарламасында.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында тағы бір жол апаты болғанын хабарладық. Жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.

    Бір адам қаза тапты, бесеуі ауруханада: Қазақстанның солтүстігінде жол апаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.