jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада самокат жүргізушісін көлік қақты (видео)

    Электр самокат
    Электр самокаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада самокат жүргізушісін көлік қағып кетті. Полиция департаменті мәліметінше, зардап шеккен адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне қайтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде Астанада болған оқиғаның видеосы тарады. Бейнежазбадан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан электросамокат жүргізушісін автокөлік қағып кеткенін көруге болады.

    "Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының маңында скутер жүргізушісін қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан", - делінген видео сипаттамасында.

    Жәбірленушінің жағдайы мен оқиғаның мән-жайы туралы қалалық Полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

    "Hyundai көлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид Әл Нахаян көшесімен Е308 көшесінің қиылысында келе жатып, оңға бұрылған кезде өз бағыты бойынша белгіленген жерде оңнан солға қарай жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан самокат жүргізушісін қағып кеткен.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне шығарылды", - делінген хабарламада.

    Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Астанада самокат жүргізушісін көлік қақты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.