jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында жүк көлігі траншеяға құлап кетті (видео)

    Жүк көлігі
    Жүк көлігі. Видеодан кадр: Instagram/krisp_almaty

    Алматы облысындағы Боралдай ауылында жүк көлігі қазылған шұңқырға құлап кетті. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі болғандай, оқыс оқиға Боралдай ауылының Водник-3 шағынауданында орын алған. Жүк көлігі уақытша жабылған жол бөлігінде траншеяға құлап кетті.

    Оқиғаның бейнежазбасы Instagram-дағы krips_almaty парақшасында жарияланды. Бейнежазбада жүк көлігінің бір бөлігі жердің астына түсіп кеткенін байқауға болады.

    Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жер қазу жұмыстары барысында самосвалдың траншеяға құлауы бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

    "Алдын ала деректерге сәйкес, су құбырын жүргізу кезінде топырақ опырылып, содан кейін жұмысты ашық әдіспен жүргізу туралы шешім қабылданған. Қыркүйектің 25-іне қараған түні автожолдың бір бөлігі уақытша жабылған. Алайда біраз уақыттан кейін жөндеу жұмыстарына арналған ыстық асфальтты тасып келе жатқан самосвал пайда болған орға түсіп кеткен, - деп хабарлады полициядан.

    Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексерістен соң жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

    Алматы облысында жүк көлігі траншеяға құлап кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.