jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты

    Аурухана палатасы
    Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған ірі жол апаты кезінде аман қалған алты адамның екеуі ауруханадан шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған басылымның жазуынша, № 1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан үш адамның екеуі үйіне шығарылған.

    Тағы біреуінің жағдайы тұрақты. Оған ота жасалып, қазір емін жалғастырып жатыр.

    Ақтөбе көпсалалы ауруханасында ем алып жатқан бір пациент бүгін үйіне шығарылады.

    Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірімнің жағдайы өте ауыр. Ол есін жимаған.

    Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанда таңертең республикалық маңызы бар "Самара – Шымкент" автожолының 927-шақырымында, Белқопа ауылының маңында ірі жол апаты болды.

    DAF жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан "Газель" жолаушылар көлігімен соқтығысып, жол апаты салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен Ақтөбе облысының он тұрғыны (оның ішінде кәмелет жасына толмаған екі бала) оқиға орнында қаза тапты. Аман қалған адамдар медициналық мекемеге жеткізілді.

    Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін өңірге ІІМ орталық аппаратынан арнайы топ жіберілді.

    Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының себептерін тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.

    Кейінірек ауыр жарақат алған бір адам санитариялық авиация бортымен елордаға жеткізілді.

    Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.