jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Бес адам қаза тапты: ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: instagram.com/eastkazpolice

    Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні Өскемен-Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болған.

    "ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

    Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатының мән-жайы мен қаза болғандардың кім екені анықталуда.

    Бес адам қаза тапты: ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.