jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапты

    Маңғыстаудағы қайғылы жайт
    Маңғыстаудағы қайғылы жайт. Фото: youtube.com/@aktau-lada-kz

    Бүгін 18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп жазады "Қазақпарат".

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам мерт болған. 

    "Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.