Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы бойжеткенді қағып кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағандыда 33 жастағы Lada жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан 20 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Halyqstan Telegram арнасы жол апатының салдары көрсетілген видеоны жариялады.
Жазбада жол апаты Қарағандыдағы Университетская көшесінде Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жатақханасының маңында түнде болғаны айтылған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне хабарлағанындай, 23 мамырда Қарағандыда Университетская көшесімен келе жатқан 33 жастағы Lada жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 20 жастағы бойжеткенді қағып кетті.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жауапкершілікпен қарауға және жолдарда өте сақ болуға шақырады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2380157-qaragandyda-lada-zhurgizushisi-20-zhastagy-boizhetkendi-qagyp-ketti-video/