Қазақстан дүниежүзілік банктен тағы $1 млрд қарыз алмақ

Қазақстан дүниежүзілік банктен тағы 1 миллиард доллар қарыз алмақ. Сөйтіп, шетелден аударылатын 333 миллиард теңгемен бюджеттің тапшылығын жаппақ ойда деп хабарлайды КТК арнасы.

Тиісті құжатты мәжіліске алып келген Қаржы министрі сұрақтың астында қалды. Сұлтановқа шүйліккен депутаттар онсызда сыртқа 10 миллиард доллар берешегі бар Қазақстанның тағы қарызға кіргенін аса қалаған жоқ.

"Бюджет тапшылығын шетелдік қарызымен жабатын күнге жетіппіз. Жақсылығы шамалы шығар. Осы алып отырған зор қаржының тиімділігін қалай бақылаймыз?", - дейді мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

Министрдің есебі түгел, 333 миллиард теңгенің 20 жылға несиеге берілетінін, ал қаржының әлеуметтік жобаларға жұмсалатынын айтып ақталумен болды. Бір қызығы, қарыздың орнына шығынды азайтуды талап етіп, қарсылық танытқан төменгі палата, жеме-жемге келгенде құжатты бекітіп берді.

"Борышты төлеу жағынан ешқандай күмән жоқ, ешқандай проблема жоқ. Бюджеттің тапшылығы бюджеттік шығыстардан туындайды", - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Нұртай Сабильянов сырттан қарыз ала беретін әріптестеріне шүйлікті

Ұлттық банк: Экспорт пен импорт көлемі азайды

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд доллар қарыз алмақшы

"Панама құжаттарында" есімдері жалт еткен қазақстандық ауқаттылар

Перуашев үкіметтен офшор қызметін ашық етуді сұрады

Тағы да оқыңыздар