Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингін басқарады

Еліміздің бұрынғы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Холдинг басшысын ұжымға Қазақстан пемьер-министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

Еске сала кетсек, таяуда Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кетуге өтініш берген еді. Президент министрдің өтінішін қабылдап, отставкаға жіберген.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматыда туған. Н.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін, Алматы энергетикалық институтын бітірген «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы, Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, Ұлттық Банктің Басқарма мүшесі, Денсаулық сақтау министрі, «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болды.

2012 жылғы 25 қыркүйектен Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарды. Отставкаға кеткенге дейін еліміздің Ұлттық экономика министрлігін басқарды.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Қазақстандағы апта ішіндегі жаңа кадрлық тағайындаулар

Қаржы министрлігі "Офшордағы қазақстандықтарды" тексереді

Астана: Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуді қолдаймыз

Ермегияев сотталушылардың біріне құрылыс нысандарына мердігер болуға көмектескенін мойындады

Тағы да оқыңыздар

Пікір