Ұлттық банк теңгедегі депозиттер үлесінің ұлғайғандығын хабарлады

2016 жылғы алғашқы үш айда теңгедегі депозиттер үлесі 31%-дан 36,6%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Реттеушінің мәліметінше, 2016 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6 037,1 млрд теңге (бір айдағы өсу 14,8%, жыл басынан бері өсу 21,9%), шетел валютасындағы–10 447,9 млрд теңге (бір айдағы төмендеу 4,4%, жыл басынан бері төмендеу 5,2%) болды.

"Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 32,5%-дан 36,6%-ға дейін (жыл басында –31,0%) ұлғайды", - делінген ұлттық банктің хабарламасында.

2016 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 14,0% (2015 жылғы желтоқсанда 20,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 12,1% (8,5%) деңгейде қалыптасты.

"Резиденттердің депозит ұйымдарындағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,8%-ға (жыл басынан бері өсу 3,2%) ұлғайып, 2016 жылғы наурыздың соңында 16485,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9617,7 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға (жыл басынан бері 4,8%-ға) өсті,жеке тұлғалардың депозиттері 6 867,2 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді (жыл басынан бері 1,1%-ға өсті)", -делінген реттеушінің хабарламасында.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Елімізде 2 жылдан соң барлық жәрдемақылар алынып тасталады

Forbes әлемдегі ең қымбат 100 компанияның тізімін жариялады

Қазақстан дүниежүзілік банктен тағы $1 млрд қарыз алмақ

Ұлттық банк: Экспорт пен импорт көлемі азайды

Тағы да оқыңыздар