RU

Ақмола облысында жоғалған қызды табу үшін Нұраның ағысы тежелмек

Ақмола облысында ұшты күйлі жоғалған қызды іздеу үшін Нұра өзені ағысының жылдамдығы азайтылуы мүмкін.

Өйткені, Эллина Құлдинаны табуға тасқын кедергі келтіріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір «Қазақ су шаруашылығы» мекемесіне сұрау салынып, шлюзды уақытша ашып, жиналған судың арнасын бұру мәселесі қаралуда. Ал, өзен маңында жоғалған екі жасар Эллина қатарынан алтыншы күн іздестіріліп жатыр.

Аяғынан тік тұрған құтқарушылардан бөлек, жүздеген ерікті өзен бойы мен жазық даланы тінтіп шыққанымен әзірге нәтиже жоқ.

"Эллина жоғалған күні осы өзенде балық аулап жүргем. Қатты шошып қалған әкесі жүгіріп келіп қызынан көз жазып қалғанын айтты. Содан бері қызды мен де іздеп жүрмін. Табылмайынша тоқтамаймыз", - дейді ерікті Александр Ткаченко.

Айта кетейік, екі жастағы Эллина Құлдина елордадан 40 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылы маңында алты тәулік бұрын жоғалған. Болжам бойынша, Нұра өзеніне әке-шешесімен демалуға барып, қараусыз қалған бейкүнә бөбек суға кетуі мүмкін.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Табиғатқа демалуға шыққан астаналық ерлі-зайыпты екі жасар қызын жоғалтып алды (фото)

Ақмола облысында жоғалып кеткен екі жастағы қызды екінші тәулік іздестіруде

Экстрасенс: Ақмола облысында жоғалған қыз баланы ер адам ұрлап әкеткен

Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметкері жоғалып кетті

Оңтүстікте жоғалған студент қызды туыстары шарқ ұрып іздеп таппай жатыр