RU

Өскеменде жас жігіт көршісіне өшігіп, оның құжаттарын унитазға ағызып жіберді

Өскеменде екі жігіттің арасында туындаған жанжал күтпеген жағдаймен аяқталды. Жас жігіт көршісінен кек алмақ болып, оның құжаттарын унитазға ағызып жіберді. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көршісінің пәтеріне баса көктеп кірген 20 жастағы жігіт оның ұялы телефонын, құжаттарын, банк карточкаларын тартып алған. Онымен қоймай, құнды құжаттарды унитазға ағызып жіберген.

Ол бұл әрекетін бұған дейін болған жанжалдан кейін өштіккендіктен жасағанын алға тартты. Белгілі болғандай жігіт мас күйде көршісімен сөзге келісіп, төбелес ашқан. Ақыры полиция араласып, көршісі оның үстінен шағымданбай тарқасқан.

Келесі күні әлі де өкпе-реніші тарқамаған азамат өзімен бірге достарын алып, көршісіне барған. Оны ұйықтап жатқан жерінен бетінен ұрып оятқан.

Кейін үйіндегі барлық құнды заттар мен қағаздарды алып, кетіп қалған. Ол көршісінің әмиянындағы ақшаны өзіне қалдырып, ал ондағы құжаттардан унитазға ағызу арқылы құтылған.

Жігіттің үстінен бірден үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен, көршісі жігітке тағы да кешірім бергендіктен, ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Тағы да оқыңыздар:

Геннадий Шиповских Ішкі Істер министрін қазақша сөйлете алмады

Ақтөбеде 10 жылдан бері гүлдермен сөйлесетін әкім құпияларын ашты (фото)

Қырымбек Көшербаев әскерге барудан қашатын жігіттерді БАҚ-та жариялауды тапсырды

Ақмола облысында жоғалған қызды табу үшін Нұраның ағысы тежелмек

Ресейдегі қазақ диаспорасы "жер дауына" қатысты Назарбаевқа ашық хат жолдады

ОҚО-да өзіне берілген параны азсынып, төбелес шығарған әкімнің қызы да шенеунік атанды