RU

Қазақстанды тастап кетіп жатқандар саны көбейді

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны артып, қабылдағандар саны азайды деп хабарлады ұлттық экономика миинстрлігінің статистика комитеті.

Бұл туралы Азаттық жазды.

Ресми мәлімет бойынша, биыл алғашқы үш айда 5 мың 434 адам Қазақстан азаматтығынан шыққан, бұл өткен жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,3 пайызға көп. Ал 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3 мың 53 адам Қазақстан азаматтығын қабылдаған. Бұл - өткне жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,7 пайызға аз.

Комитет ақпаратына қарағанда, негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жасалады. Биыл Қазақстанға келгендердің 75,2 пайызы ТМД елдерінен шыққан, ал кеткендердің 87,7 пайызы ТМД елдеріне кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Өскеменде жас жігіт көршісіне өштігіп, оның құжаттарын унитазға ағызып жіберді

Астана әкімдігі 21 мамырда митинг өткізуге рұқсат бермеді

Ақтөбеде мұнай компаниясының басшысы қылмыстық іздеуге жарияланды

Полицейді басымен ұрған ақмолалық жігіт 240 сағат бойы тынбай жұмыс істейтін болды

Оңтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт өзін-өзі ұрлап, әкесінен ақша талап етті