Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды

Оралда балабақша ауласында өзін өзі қанағаттандырумен айналысқан азғын ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жыныс мүшесін жалаңаштап алған еркек бірнеше күннен бері бүлдіршіндерді маңайлап жүрген.

Азғынды алғашында ата-аналардың бірі байқап қалыпты. Жыныс мүшесін жұртқа көрсету арқылы ләззат алатын ауруды сол жерде полицияға ұстап берген. Қайта, бұл уақытта бүлдіршіндер іште болған екен.

Енді ата-аналар №19 балабақша басшылығынан мекеме аумағына жөнді қоршау мен бақылау камераларын орнатуды және күзетті күшейтуді талап етуде.

Ал эксгибиционистің өзі психикалық аурулар орталығында есепте тұр. Қазір қолхатпен бостандыққа жіберілді. Бірақ қауіпті науқастың еркіндікте жүруі жұрттың наразылығын туғызып отыр.

"Ешкімге жәбір көрсетпесе де, дені сау адам балалар ойнайтын жерде осындай ұятсыздықпен айналыса ма? Бөтен кісі балабақша аумағына кіре алмайтындай қылу керек. Біздің сөзімізге мекеме басшылығы мен тәртіп сақшылары құлақ асады деп үміттенемін", - дейді Орал қаласының тұрғыны Ирина Локтева.

Тағы да оқыңыздар:

Геннадий Шиповских Ішкі Істер министрін қазақша сөйлете алмады

Ақтөбеде 10 жылдан бері гүлдермен сөйлесетін әкім құпияларын ашты (фото)

Қырымбек Көшербаев әскерге барудан қашатын жігіттерді БАҚ-та жариялауды тапсырды

Ақмола облысында жоғалған қызды табу үшін Нұраның ағысы тежелмек

Ресейдегі қазақ диаспорасы "жер дауына" қатысты Назарбаевқа ашық хат жолдады

ОҚО-да өзіне берілген параны азсынып, төбелес шығарған әкімнің қызы да шенеунік атанды

Тағы да оқыңыздар

Пікір