Мәжіліс депутаттары жезөкшелерге жауап берді

Мәжіліс депутаттары Қазақстан президентіне ашық хат жолдаған жезөкшелерге жауап берді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Мен, шынымды айтсам, бұл тақырыпты, айтарлықтай зерттемедім, дегенмен, интернеттегі бір пікір маған ұнап қалды. Онда қазақстандық бойжеткендер жезөкшелікпен айналыспауы тиіс делінген. Бар болғаны сол. Меніңше, қоғам өз көзқарасын өзгертіп, бала кезінен қыздарын дұрыс тәрбиелеуі тиіс. Сонда бұл мәселе көтерілмейтін болады", - дейді Глеб Щегельский.

Ал коммунист Владислав Косаревтың айтуынша, "бұл әйелдердің ісі олардың құндылығы тұрақсыз екенін көрсетеді". Ал олардың президентке өз істерін заңдастыруды сұрауы қоғам алдында олардың құнын одан әрі түсіреді дейді Косарев.

Мәжілісмен Арман Қожахметов те жезөкшелердің талаптарын "орынсыз" деп санайды екен. Оның айтуынша, жезөкшелік - бұл біздің мемлекетте болмауы тиіс адамгершілікке жат қызмет түрі.

"Батыс құндылықтары бізге енбеуі керек. Бұл біздің жастарға нағыз құндылық саналатын ана міндетін атқаруда кері әсерін тигізеді", - дейді Қожахметов.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Қазақстанның жеңіл жүрісті әйелдері билікке ашық хат жолдап, коммерциялық жыныстық қатынасты заңдастыруды талап еткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Қаражаттан қысылған қазақ қыздары "қалталы спонсор" іздеуге кірісті

Қарағанды облысында қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылды (фото)

Атыраулық имамдар Алладан елді әбігерге салған нөсерді тоқтатуды сұрап, дұға оқыды (фото, видео)

ОҚО-да таксиге мінгеннен кейін жоғалып кеткен студент қызды көрген куәгер табылды

Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды

Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Тағы да оқыңыздар

Пікір