Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жер реформасы жөніндегі түсіндіру жұмыстарына белсене араласуды тапсырды.
Бұл туралы Ақорданың твиттер-аккаунты хабарлады.
«Жер реформасы жөніндегі комиссия тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша келісілген ұстанымдар әзірлеу керек»,-деді Елбасы.
Ақорданың «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлағандай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекеттің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңес өткізуде.
Тағы да оқыңыздар