Қазақстан өркендеуші елдер рейтингінде 10 саты жоғарылады

Британдық сарапшылар өркендеуші 149 елдің жыл сайынғы рейтингін жария етті. Бұл тізімде Қазақстанның өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіші жақсарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Рейтингте еліміз 2016 жылмен салыстырғанда 10 саты жоғарылған. Яғни 82-ші орыннан 72 орынға көтерілген.

Сарапшылар 149 мемлекетті қауіпсіздігіне, денсаулығына, білімі мен жеке еркіндіктеріне, басқару ісі, экономикасы мен әлеуметтік жағдайына қарап бағалаған.

Prosperity жария еткен мәліметке сүйенсек, Қазақстан биыл білім беру (35-орын), экономика (46-орын), іскерлік орта (53) бойынша жақсы нәтиже көрсетсе, жеке еркіндіктер (128-орын), басқару ісі (99), қоршаған орта (95-орын) бойынша нашар көрсеткішке ие болған.

Айта кетейік, рейтингте Орта Азия мемлекеттерінің арасында Қазақстан көшбасшы. Одан кейінгі орындарға Қырғызстан (82-ші орын) мен Тәжікстан (102-ші орын) жайғасса, Өзбекстан мен Түркіменстан бұл рейтингке кірмеген.

Ал үздік үштікті Норвегия, Жаңа Зеландиямен Финляндия тәмәмдаған.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі қазақстандық журналист ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды

Біз бауырмыз: Қырғыздар мен қазақтардың түсірген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың ең үздік әншісі" атанды (видео)

Бай арабтар Айдың көшірмесін жасап, іліп қойды (фото)

EsentaiMall-дың маңындағы жол-көлік апаты жаппай төбелеске ұласты (фото)

Тағы да оқыңыздар

Пікір