Сапарбаевтың орынбасары әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салды

Енді ақтөбелік әншілер жанды дауыста ғана ән шырқайтын болады. Кез-келген жерде фонограмма қосып, тыңдарманын алдап жүргендер аймақ билігінің сынына ілікті "Ақтөбе" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Фонограмма - сахнада әдемі естілгенімен, кейінгі жас буынның өнерге деген құштарлығына кері әсерін тигізеді.
Қазір әншілер қит етсе фонограммамен шығады. Ән айта алмайтын кісі де фонограмма жазып алып шығады. Үйреніп алған. Шығады да, өтірік айта салады. Дайындалмайды. ", - деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Бұдан бөлек, мәдени шараларды сапалы өткізу мен кәсіби мамандар даярлау ісі айтылды. Әсіресе жас жеткіншектерді өнерге тарту қажет екен. Аудан, ауылдарда оркестр, ансамбль құру мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары мәдениет өкілдерінің атқаруы тиіс жұмыстарды тізбектеп берді. Қысқасы, биылғы жылға нақты міндеттер қойылды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір