Танымал көріпкел GGG–"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты

Танымал мексикалық көріпкел әрі астролог Мони Виденте Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегіне болжам жасады деп хабарлайды Sports.kz.

"Мен мынаны көріп тұрмын: бұзылған етпен немесе онсыз болсын, "Канело" бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді", — деді Виденте.

Егер Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) мексикалық боксшыға қанынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылуына байланысты санкция қолданбаса, "Головкин — Альварес" реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Айта кетсек, Виденте қос боксшының 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегіне де болжам жасаған еді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір