Димаш Құдайбергеннің әні Қытайда жаңа телехикаяның саундтрегіне ұсынылды (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жаңадан шығарылған әні енді Қытайда телехикаяға саундтрек болады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Махаббатымды қайта жандандыр» деп аталатын Димаштың су жаңа әні Қытай тілінде. Оны ғаламтордан жүктеп алуға болатынын әншінің өзі жариялап қойды.

Аз уақытта 60 миллионнан аса дауыс берген тыңдарманына риза болған Димаш Құдайберген “Маған қолдау білдіргендеріңізге рахмет”, – деп жазып қойды Instagram парақшасында.

Тағы да оқыңыздар

Пікір