Танымал журналист Головкинді "қорқақ" деп айыптады

Fighthype.com басылымының журналисті Пол Магно Головкин мен оның командасын "қорқақ" деп айыптады. Ол боксшының осыған дейін әлсіз қарсыластарын бағындырып келгенін айтып, болашақта мықты қарсылас табу керектігін ескертті деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Журналист отандасымыздың енді Чарло, Сондерс, Деревянченко, Андраде секілді боксерлермен жекпе-жекке шығуы керек екендігін алға тартты. Сондай-ақ Головкин келіспеген жағдайда, жазаға тартуды да ұсынды.

"Осыған дейін Головкинмен жекпе-жекке келіспеген боксшыларды айыптап келдік. Енді кезек Головкинге де жетті. Ол Чарло секілді соққысы ауыр боксшылармен кездессін. Ол жанкүйерлеріне шоу ұйымдастырғысы келсе, тәуекел етуі керек", - деді журналист.

Тағы да оқыңыздар

Пікір