Кафеде танысқан 15 жастағы оқушымен төсектес болған ұстаз ұятқа қалды

Америкада тарих пәнінің мұғалімі 15 жасар мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталып отыр. 23 жастағы Мишель Шиффер оқушы баламен жергілікті мейрамханалардың бірінде танысып, артынша екі мәрте төсектес болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мишель Шиффер жергілікті кафеде 15 жасар мектеп оқушысымен танысып, көңіл көтерген. Жақсы тіл табысып кеткен олар артынша жыныстық қатынасқа түскені белгілі болды.

23 жастағы мұғалім оқушы баламен бір емес, екі мәрте төсектес болып, бірге есірткі пайдаланған.

Оқиғадан тәртіп сақшылары хабардар болғаннан кейін өз үкімін барынша жұмсатрпақ болған Мишель, тергеу жұмыстары кезінде оқушымен қарым-қатынасы жөнінде егжейлі-тегжейлі айтып берген.

Оның мәлімдеуінше, олар кафеде танысып баланың досының үйіне барған. Сол жерде алғаш рет төсектес болып, келесі кездесулерінде олар саябақ тұрағында тағы да жыныстық қатынасқа түсті. Оған қоса, мұғалім оқушымен бірге көлік ішінде марихуана пайдаланғандарын да жасырмай айтты.

Мишель Шиффер Cypress Springs мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оған қатысты оқиғадан кейін мектеп басшылығы бойжеткенді академиялық демалысқа шығарып жіберді.

Енді 23 жастағы мұғалімді жоқ дегенде 20 жылдық бас бостандықтан айыру үкімі күтіп тұр.

Тағы да оқыңыздар

Пікір