Жанкүйерлерін жылатқан Буффон "Ювентус" командасындағы мансабын аяқтады

"Ювентус" футбол командасының қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзінің мансабын аяқтады. Күні кеше "Ювентуспен" соңғы рет алаңға шыққан футболшыны жанкүйерлері қимастықпен шығарып салды деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ол 19 мамырда өткен ойынның 63 минутында Карло Пинсольоны алмастырып, ойыннан соң әр әріптесімен қоштасты. Тіпті қарсылас команданың адамдарын да алаңда қапсыра құшақтаған Буффон өзі де жылады. Өзгелердің де көзіне жас алдырды.

Айта кетейік, ол 2001 жылы ең қымбат ақыға бағаланған қақпашы болып есептеледі. Буффон өзінің алдағы мансабы жайлы ресми мәлімдеме жасамады. Оның футболмен қоштасатыны немесе басқа командада ойнайтыны әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыздар

Пікір