Қасиетті Рамазан айында қазақстандық жұлдыздар не бүлдірді? (фото, видео)

Жылына бір келетін қасиетті айда жұлдыздар қауымы тойды азайтып, ауыз бекітіп, дұға жасап, қайырымдылық істерге көп көңіл бөледі. Дегенмен, осы айда "күнә" жасап, елдің наразылығын тудырған өнер иелері де бар. Рамазан айында ерсі қылығымен көзге түскен жұлдыздар жайлы NUR.KZ порталы хабарлайды.

  1. Олардың арасында шетелдік жігітке тұрмысқа шығып, ашық-шашық киінген қазақ әншісі Аселина бар.

Әнші желідегі жартылай жалаңаш киімдері үшін оқырмандарынан сөз естіп қалды.

Алайда ол ауыр сөздерге мән берместен, желі қолданушыларына жауап қайтарды.

"Мені кейбір санасыз адамдар ораза ұстамағаным үшін, желіге ашық-шашық киім кигенім үшін сынап, түрлі хаттар жолдап жатыр. Рас айтып тұрсыздар ма? Не үшін бір ай бойы мешіттен сурет жүктеп отыруым керек? Неліктен мен ораза ұстауға міндеттімін? Әлде оразаны біреу үшін ұстайсыздар ма? Әр адам өзі үшін өзі жауап беруі керек. Бұл - мұсылманның парызы екенін түсінемін", - деп жазды шетелдік жігіттің жары

2. Баян Алагөзова ораза айында мойнына крест алқа тағып, өзгелерден кешірім сұраймын деп басы бәлеге қалды.

Продюсердің қасиетті айдағы ерекше кешірім сұрауы оқырмандарды сан түрлі ойға жетеледі. Көп ұзамай келінінің бұл ісіне Тұрым Алагөзов қолдау білдіріп, алқаның крест емес екенін түсіндірді. Алайда, бұл сөздерді желі қолданушылары ақталу деп ұқты.

3. "91" тобын сабамақ болып, артынша кешірім сұраған "Меломендіктердің" ісін де көпшілік ораза айына жат қылық деп бағалады.

Өздеріне Ринат Зайытовтың қолдау білдіргенін айтып, "Рәкеңнің қамшысы ұлттың болашағына төніп тұрған қауіпті тазалауға әрқашан дайын. "Екі ауыз сөзім болса да, қазақ үшін пайдасын тигізетін болса, қуаныштымын" деп отырсыз. Біз сізбен біргеміз", - деген жазба жазды.

Ал оқырмандар "Меломен" жігіттерін "Енді басыла бастаған шуды қайта тұтатып, мұсылман бауырларының сыртынан ғайбат сөз айтты" деп айыптады.

4. Тиматиді таңғалдырған Нәзима Жәнібекованың сахнаға жартылай жалаңаш шығуы

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын "мұсылман қызына сай емес" деп сөгіп тастады. Алайда, Нәзима өзінің бұл сын-пікірге алдын-ала дайын болғанын атап өтті.

5. "Kesh You" тобының әншісі Балжан дәретханада түскен суретін жүктеп, барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Пікір