Дауысыма тең келер әнші жоқ: Отандық әнші Димашты жекпе-жекке шақырды (видео)

Бірнеше жыл бойы сахнадан көрінбей кеткен отандық әнші Зарина Омарова Димаш Құдайбергенді жекпе-жекке шақырды. "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген Омарова өзіне тең келетін әнші жоқ екенін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода Зарина: "Менімен негізінде салыстыратын, менің дауысымды салыстыратын әнші жоқ. Димаш інімді жекпе-жекке шақырамын. Жекпе-жекте бірге бақ сынасайық", - дейді.

Алайда бұл видео желі оқырмандарының көңілінен шықпай, әншіге теріс пікірлер жауды.

"Димашқа жету қайда?", "Сізді бірінші рет көріп отырмыз", "Адам деген әліне қарау керек қой", "Димашқа ешкімнің жетпейтінін бәріміз білеміз ғой", - деді оқырмандар.

Тағы да оқыңыздар

Пікір