Бақытбек Есентаевтың жақындары оның туған күнін қалай тойлады? (фото)

Осыдан екі күн бұрын Бақытбек Есентаевтың туған күні өтті. Алайда оның абақтыда екеніне қарамастан қарындасы Нағима Есентаева ағасының жекеменшік мерекесін ұмытпай, атап өтуді дұрыс деп санаған. Ол Instagram парақшасы арқылы ағасын туған күнімен құттықтап, түрлі тәттілер әзірлегенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Есентаевтар отбасы туған күнді иесінсіз қарсы алған.

Сондай-ақ Нағима ағасы абақтыдан шыққан соң, бір дастарханда бас қосатынына кәміл сенеді.

"Алла қаласа, ағатайым жанымызға келгенде дүркіретіп той жасаймыз. Алдағы өмірің мәнді де, сәнді ,ғұмырың ұзақ болсын. Асқартаудай ағатайым менің", - деді Нағима.

Айта кетейік, Айсәуле мен Айарудың Бақытбек Есентаевты туған күнімен құттықтағаны немесе құттықтамағаны белгісіз.

Тағы да оқыңыздар

Пікір