Головкин - Канело реваншына қатысты ел күтпеген ақпарат жарияланды

ESPN тілшісі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер қайта жүргізіле бастағанын мәлімдеді, деп хабарлады Рrosports.kz.

Журналистің сөзінше, Головкин мен "Канелоның" командалары бірнеше күн бұрын келіссөздердің тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Алайда олар қарымта кездесуді қайта талқылай бастаған.

Рафаельдің айтуынша, Головкин мен Сауль Альварестің өкілдері бірнеше аптадан кейін келісімге келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер қаржылық дауға байланысты тоқтатылған еді. Мұнан кейін Головкиннің промоутері "Канелоға" қатысты қаржылық даудың неден туындағанын түсіндірді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір