Самал Еслямова кино өнеріне ақша табу үшін келмегенін ашық айтты

Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова ақшадан гөрі фильмде сапалы сомдалған рөл анағұрлым маңыздырақ екенін айтты. Оның үстіне отандық актриса қаржыға ұмтылғанша шығармашылығын шыңдауды бірінші орынға қойса керек деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзінің сұхбат беруі барысында Самал Еслямова кинолардағы атқарылған жұмыстың нәтижелігі ол үшін ақшадан да маңызды екенін айтып өтті. Оның айтуынша, актриса жалақыдан гөрі берілетін қызықты басты рөлдердің мәртебесі зор екенін түсіндірді.

"Мен үшін шығармашылық бірінші орында. Әрина ақша бәрімізге керек. Алайда, мен бұл өнерге ақша табамын, бай боламын деп келгенім жоқ. Мен барынша қызықты әрі маңызды басты рөлдерді сомдасам, мен үшін сол таптырмас қуаныш сыйлайды", - деп ашығын айтты актриса.

Самал Еслямова тек басты рөлдерді сомдауға тырысып, өзі түскен фильмдер қатарын көбейтуді жоспарлап отыр. Оған қоса, актриса өзі үнемі ананың рөлін сомдайтынын айтты.

"Ананың рөлі артымнан қалмайды. Үнемі маған баласы бар кейіпкер бұйырып тұрады" , - деді Самал Еслямова.

Тағы да оқыңыздар

Пікір