"Қазақпыз ғой": Алагөзова тұңғыш қызына қымбат маркалы көлік сыйлады (фото)

Баян Алагөзова үлкен қызы Айсәуле Бақытбекке қымбат маркалы көлік сыйлады. Продюсердің тұңғышы анасының сыйлығын көпшілікке мақтанышпен көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Осы көлік үшін анама рахмет", - деп жазып қойды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында.

Айта кетейік, желі қолданушылары бойжеткенді су жаңа көлігімен құттықтады.

"Құтты болсын", "Көлігіңді өзің тоздыр", "Игілігіңе пайдалан", "Анаңыз қандай керемет" деді желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыздар

Пікір