Димаш Құдайбергеннің жалаңаштанып түскен суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Димаш Құдайбергеннің жалаңаштанып түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Миллиондаған адамның сүйіктісіне айналған әншінің бұл әрекетін көпшілік түсіне алмай әлек болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушылары Димаштың көптеген жанкүйерлері мектеп оқушылары екенін айта келе, суретті Instagram парақшасынан алып тастауға кеңес берген.

"Димаш-ау мына суретіңді қалай түсінеміз?", "Парақшаңыздың жартысы мектеп оқушылары. Оларды теріс ойға жетелемей, суретті өшіріп тастағаныңыз дұрыс", "Өте әдемісіз. Бірақ сіздің бұл қылығыңыз таңғалдырды.

"Парақшаңызда қыздар ғана емес, жігіттер де бар. Оларға мынадай сурет ұнай қоймас", "Енді жейдесіз суретіңізді салмаңызшы" деп пікір білдірді оқырмандар.

Тағы да оқыңыздар

Пікір