Алматыда бес жасар баланы қағып, тал түбіне тастап кеткендер іздестірілуде

Алматыда бес жасар баланы көлік қағып кетті. Қазір сәбидің ата-анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінде әл-Фараби даңғылында болған жол апаты туралы жазылды. Брянская көшесінің қиылысында бес жастағы баланы белгісіз көлік қағып кеткен. Салдарынан сәбидің бас сүйегінің жарты бөлігі зақымданған.

"Біз тас жолға 100 метр жерде тұрамыз. Мен үйден жұмысқа шыққанмын. Көлікке отырып, артыма қарамастан жүріп кеттім. Балалар аулада ойнап жүрген. Кіші ұлым артымнан жүгірген болуы керек, оның көлік астына қалай түсіп қалғанын білмеймін. Баланың жоқтығын білген соң үйдегілер түгел іздеп шыққан. Бізден сәл жоғары тұратын таныстарымыз видеожазбаны көрсетті.

Онда басы қан-жоса болып жатқан баламды таныдым. Көршілер оны ағаштың түбінен тауып алған. Бес жастағы бала ағаш түбіне өздігінен барып отырмайтын шығар?!", - деді зардап шеккен баланың әкесі Мұрат.

Қазір бала қаладағы ауруханалардың бірінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Пікір