RU

Алаяқ жігіт 66 жастағы көңілдесін тақырға отырғызып кетті (фото)

66 жастағы англиялық зейнеткер Кристиан Шеллард 29 жастағы көңілдесін сотқа беріп, 40 миллион доллар қайтаруын талап етті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

66 жастағы Кристиан Шеллард ажырасқан соң 29 жастағы румын жігітімен көңіл қосқан.

Бір жарым жылдан ол ғашығына "өмірін жақсарту" үшін ақша беріпті. Жас көңілдесі қарызға алған 655 мың долларға үй сатып алуы қажет болған.

Сондай-ақ, бикеш жігітке 90 мың доллар тұратын Porshe Panamera көлігі мен сағат сыйлап, әкесінің қарыздарын төлеу үшін 210 мың доллар беріпті.

Алайда жас жігіттің жоспары мүлде басқа болып шыққан.

Бұрын тасымалдаушы болған азамат ақшаның бәрін румын банкіндегі есебіне аударып, қалғанын құмар ойындарға жұмсапты.

Сонымен қатар, ғашығы берген ақшаға "швейцариялық сағат" пен әпкесіне Mercedes автокөлігін алып берген.

Оның сөзінше, бұл ақша жігіттің 18 айлық махаббат үшін алған сыйлығы екен.

Қазір Кристен Лондон каласында сұлулық салонын басқарып отыр. Алайда ол көңілдесіне қайтаратын ақшасы жоқ екенін айтуда.

Тағы да оқыңыздар