Алматының қақ ортасында жабыса сүйіскен қос ғашық жұрттың ашуына тиді

Интернет желісінде бір-біріне жабысқан ғашықтардың видеосы таралып кетті. Көпшілік жұрт алдында сезімдерін көрсеткен жастарды аяусыз сынап тастады деп жазады NUR.KZ.

Алматының қақ ортасында жабыса сүйіскен ғашықтар жан-жағындағы адамдардан еш жасқанбаған. Олар сезімдеріне ерік беріп ел алдында тұрғандарын ұмытып та кеткен көрінеді.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіне жүктеліп, бірден оқырмандар арасында шу тудырды. Көпшілік жастардың қыдығын ерсіз санап, оларды желіде сынап тастады.

Желі қолданушылардың айтуынша, оқиға Алматыдағы Арбатта орын алса керек.

Тағы да оқыңыздар

Пікір