Ермек Тұрсынов: Баянды өресі биік, интеллектуалды адам деп ойламаймын

Күні кеше Талғат Теменов Алагөзоваға байланысты "Менен рұқсат сұрамады" деп шу шығарып, мәлімдеме жасаған болатын. Ал бүгін танымал режиссер Ермек Тұрсынов өзінің Баянды интеллектуалды адам ретінде қабылдамайтынын жайып салды деп хабарлайды abai.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Авторлық құқықты қорғаудың өркениетті жолдары бар" деген Тұрсынов заңгерлердің көмегіне сүйенген кездерін де жасырмай айтып берді.

"Талғаттың сондай повесті барын білемін. Ол кітап болып шыққан. Мен Мәскеуде сценаристер мен режиссерларды даярлайтын жоғарғы курста оқып жүрген кезім. Бір күні менің жатақханама Талғат келді. Мәскеудегі Голушкина көшесіндегі жатақхана. Сол кезде Талғат маған өзінің бірнеше шығармасын көрсеткен. Соның ішінде осы "Махаббат бекеті" де болған. Мен оны жақсы білемін.

Ал енді Баянның осындай фильм түсіріп жатқанын естімеппін. Талғаттың айтуы бойынша ғана білемін. Жалпы мен Баянның шығармашылығын аңдып, "Ойбай, сол не түсіріп жатыр екен" деп қарамаймын. Мен Баянды сондай бір интеллектуалды, өресі биік адам деп қабылдамаймын. Оның түсіргені фильм емес. Жәй бір мазақ қой", - деді Ермек Тұрсынов.

Тағы да оқыңыздар

Пікір