Жылап жүргенін жасырмай айтқан Айсәуле Бақытбек елге жан сырын ақтарды (фото)

Баян Алагөзованың бойжеткен қызы Айсәуле Бақытбек желі қолданушыларына жан сырын айтып, мұнымен бөлісті. Ол өзінің қиналып, жылап жүргенін жасырмады деп жазады NUR.KZ.

"Бүгін ұйқымнан тұрып, өзімнің 22 жасқа енді келгенім есіме түсті! Мен әдемі, ақылды, көңілді бойжеткенмін! Болашағымның бәрі алда! Айса, жылап-cықтап, қайғыруды доғар! Сенің көз жасыңа ешкім де тұрмайды! Бәрі де керемет болады! Сабыр сақта!
Тек өзіңе сеніп, елге жақсы көріну үшін өз қағидаларыңды бұзба! Сен ең керемет арусың! Ал жақындарың сені онсыз да бағалайды", - деп жазды ол.

Оның бұл жүрекжарды жазбасын оқыған оқырмандары оған жақсылық тілеп, өміріндегі орын алған жағдай туралы сұрай бастады. Тіпті кейбірі оны жігітімен айырылысып кетті деп болжады.

"Жігітің қайда?", "Ол сенің көз жасыңа тұрмайды!", "Сен әдемі әрі ақылды қызсың! Дәл сол жігіт саған лайық емес еді!," - деп жұбатты желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыздар

Пікір