Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан екі айлық сәби шетінеп кетті

Шымкентте жантүршігерлік жол апатында үш адам қаза тауып, береуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жол апаты 24 тамыз күні Рысқұлов және Адырбеков көшесінің қиылысында таңғы сағат жетілер шамасында болған. Қайғылы оқиға болған жерде үш жеңіл көлік соқтығысқан.

Куәгерлердің айтуынша, жасы қырықтар шамасындағы әйел екі айлық баласымен жолдан өтпек болған кезінде жеңіл көлік оларды соғып, жолдың шетіне ұшырып жіберген. Апат салдарынан анасы мен баласы оқиға орнында көз жұмса, көлікте отырған жиырма бес шамасындағы азаматша ауыр соққы алып, қайтыс болған.

Сондай-ақ, жол апаты кезінде ауыр жарақат алған тағы бір азаматша ауыр халде қалалық жедел жәрдем ауруханасына ауыр халде жеткізілді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір