Белгілі қазақ әншісі облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әнші-жыршы Ақан Әбдуәлі Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды "Айқын" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аймақ басшысы Амандық Баталов өңір активіне жаңа орынбасарын таныстырды.

Ақан  Жылқышыбайұлы Әбдуәлі – 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан бастап, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздық қызметтер атқарған.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгерушісі болды.

2008-2009 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары; 2009-2015 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры лауазымын атқарды.

2015- 2016 жылдары Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болған.

Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1-ші маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар

Пікір