Қазақстандық Азиада медалистеріне қанша сыйақы беріледі?

Азиадада ел намысын қорғап жүлделі орын алған қазақстандық жеңімпаздар қанша көлемде сыйақы алатындары белгілі болды. Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медальды қанжығаларына байлаған болатын деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі ауқымды додада алтын медальге ие болғандарға 10 мың доллардан бермек. Ал "күміс" жүлде иегерлері бес мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тарту етіледі. 

Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша Қазақстан медаль саны бойынша Азиаданы тоғызыншы орынға жайғаса аяқтады. Жүлделі орындарды Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. 

Тағы да оқыңыздар

Пікір