Құлап жатқан баласын құтқарып үлгерген қырағы әке көпті сүйсіндірді

Ер адамдар табиғатынан қырағы болатыны құпия емес. Баласын дер кезінде құтқарып үлгерген ер адамның видеосы бұл сөздің айқын дәлелі десе болады. Бұл туралыTasbaka сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеода кішкентай балақай ұйқысынан ояна салып, төсегінен түсуге әрекеттеніп жатқаны байқалады.

Сол сәтте аяғы тайып, басымен жерге құлауға шақ қалған балақайды әкесі ұстап үлгерген.

Желі қолданушылары ерекше қырағылық танытқан азаматқа мақтауларын жаудыруда.

Тағы да оқыңыздар

Пікір