Ресейдің ең бай әйелдері кімдер?

Forbes мәліметі бойынша Ресейдегі ең бай алты әйел туралы қызықты деректерді Tasbaka сайты назарға ұсынады.

Алтыншы орын — Полина Дерипаска

Ресейдің ең бай адамдары тізімінде Полина 188 орынға жайғасқан. 38 жастағы ару Forward Media Group басылымын иелік етеді.

Бесінші орын — Ольга Белявцева

«Прогресс» компаниясының қожайыны шамамен 500 млн долларға ие. Рейтингте ол 185 орынды иеленді. Ольга зауытта қарапайым қызметкер болған. Алайда еңбекқорлығының арқасында белді тұлғаға айналды.

Төртінші орын — Наталья Филева

Наталья 599,8 миллион доллар қаражатқа ие.

Үшінші орын — Елена Рыболовлева

Рейтингте 171 орынға жайғасқан Елена қалталы күйеуімен ажырасқаннан кейін қыруар қаражатқа ие болады. Ол бүгінде қызымен бірге Мальтада тұрып жатыр.

Екінші орын — Татьяна Бакальчук

Wildberries интернет-дүкенінің қожайыны рейтингте 166 орынды иеленді. Оның мүлкі 600 миллион долларға бағаланып отыр. 2004 жылы күйеуімен интернет-дүкен ашқан Татьяна аста-төк байлыққа кенеледі.

Бірінші орын — Елена Батурина

Мәскеудің бұрынғы мэрінің әйелі 1,2 миллиард долларға ие. Рейтингте Елена 79 орынға жайғасқан. Ол ретро-көліктер мен қымбат ыдыстарды жинағанды ұнатады.

Тағы да оқыңыздар

Пікір