Ата-ана туралы өлең оқыған "Алашұлы" тобының әншісі көпшілікті тәнті етті

Патриоттық әндерімен халықтың ықыласына бөленіп жүрген "Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлиннің ата-ана туралы оқыған өлеңі елдің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші жігіт көпшілікті тәнті еткен видеосын өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған.

"Сіздер үшін ата-анамызға арналған өлең жолы қабыл алыңыздар! Бар байлығымыз жақындар аман болсын", - деп жазады Әзімбек.

Баяу музыканың ырғағымен өлеңді мәнерлеп оқыған Байлиннің өнері желі қолданушыларына ұнап қалса керек, олар жылы лебіздерін білдірген.

"Жаным-ау...Әзімтай ...жүрегіңізден ! Әке мен Аналарымыз аман-есен болса екен", " Әзім аға, өте керемет! Бірақ, Сіз біртүрлі мұңлы көрінесіз ғой?", "Әмин! Өлеңді керемет оқиды екенсіз", - деп жазды пікір білдірушілер.

Тағы да оқыңыздар

Пікір