Ғалымдар некенің денсаулыққа пайдалы тұсын анықтады

Эрланген — Нюрнберг университетінің ғалымдары некедегі адамдардың денсаулығын сақтауға мүмкіндігі еселей түсетінін анықтады деп хабарлайды Tasbaka сайты.

Зерттеу нәтижелері Journal of the American Geriatrics Society сайтында жария болған деп жазады bfm.ru сайты.

Оған сәйкес, некедегі адамдар қартайған шағында әлдеқайда дұрыс тамақтанатыны анықталды.

Қарт кісілер дұрыс әрі уақытылы тамақтануды жиі ұмытып кетіп жатады. Осы тұрғыда олар жалғыз болмаса, бір-бірін тамақтануға ынталандырып отырады екен. Сонымен қатар, некедегі адамдардың зейнеткерлік жасында денсаулығын жақсырақ күтетіні белгілі болған.

Ғалымдар 72-85 жастағы бес мың адамға зерттеу жүргізу арқылы осындай тоқтамға келді.

Тағы да оқыңыздар

Пікір