Қайрат Түнтековтің бала кезіндегі видеосы жұрттың жүрегін елжіретті

Әлеуметтік желіде отандық әнші Қайрат Түнтековтің бала кезіндегі видеосы тарады деп жазады Tasbaka сайты. 

"Уақыт тез өтіп бара жатыр. Осы кезде Қайрат ағамыз неше жаста болған, кім тез айтады?", - деп жазған видео авторы.

Қайрат Түнтековті бірден таныған желі қолданушылары әншіге мақтауын жаудырды.

"Қазақ эстрадасындағы ең мықты әнші, бірақ продюсері жоқ шығар", "Дауысы өте керемет", "26 мектепте бірге хор айтатын едік қой, шіркін", - деп жазған желі қолданушылары.

Әншінің бүгінгі күндегі тойда ән салған сәтінен видео да көптің талқысына түскен.

"Өте керемет өнер жұлдызы", "Бір жалт етіп шығады, сосын жоқ болып кетеді. Неге?", "Дауысы ерекше әнші, жарайсың Қайрат! Тек алға!, - дейді өзге желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыздар

Пікір