Тойбастарға кілем таратқан қазақтар елді таңғалдырды

Instagram желісінде қонақтарға ерекше тойбастар тарту етілген қазақтың тойы қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, жұрттың таңданысын тудырған видео kazakh.toy парақшасында жарияланған. Онда той иесінің келген қонақтарға сый ретінде кілем үлестіргенін байқауға болады.

Бағалы затты 200-ден астам адамға таратқан жомарт қазаққа жұрт түрлі пікір қалдыруда.

"Біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіредінің әңгімесі ғой мынау", " Болған сайын ақшаларын қалай шашарларын білмей жатқандар", "Керемет, той деген осындай ерекшеліктерімен қызық қой. Тамаша идея екен", - деп жазған оқырмандар.

Тағы да оқыңыздар

Пікір