RU

Ресей Қазақстан экономикасына 12 млрд доллар инвестиция құйды

Ресей Қазақстан экономикасына 12 млрд доллар инвестиция аударды деп хабарлайды NUR.KZ.

Еліміздің инвестиялар және даму министрлігінің мәліметінше, Астанада Kazakh Invest басшысы Сапар Тұяқбаев пен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин кездескен.

Тұяқбаевтың айтуынша, Ресей Қазақстанға инвестиция аударатын 11 елдің тізімінде.

Елшіліктің мәліметінше, қазірдің өзінде Қазақстанға Ресей 12 млрд доллардан аса инвестиция құйған. Сондай-ақ жаңа жобаларға қызығушылық танытып отырғандарын да жасырмады.

Тағы да оқыңыздар